Дағыстанда туристерді тасымалдаған тікұшақ апатқа ұшырап, бірнеше адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Құлаған тікұшақ Избербашқа бағыт алған. Бұл туралы Дағыстан ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Дағыстанда туристерді тасымалдаған тікұшақ апатқа ұшырап, бірнеше адам қаза тапты
Фото: ТАСС

Тікұшақ апатынан төрт адам қаза тапты. Дағыстан денсаулық сақтау министрі Ярослав Глазовтың хабарлауынша, жарақат алған үш адамның жағдайы ауыр. 

— КЭМЗ тікұшағы Ачи-су елді мекенінің маңында апатқа ұшырады. Салдарынан төрт адам қаза тапты. Біреуінің жағдайы өте ауыр, екеуінің жағдайы ауыр, — деп хабарлады дереккөз ТАСС агенттігіне.

Ярослав Глазовтың айтуынша, тікұшақ апатында жарақат алған үш адам Избербаштағы ауруханаға жеткізілген.

Басылымның жазуынша, құлаған тікұшақ жердегі жекеменшік үйді қиратты, оның ішінде адамдар болған жоқ. Оқиға орнында өрт шықты. Үйде ешкім тұрмаған. 
Дағыстан ТЖМ нақтылауынша, жекеменшік болған және жекеменшік рейс орындаған. Тікұшақ Кизлярдан Избербашқа ұшып бара жатқан.

Қыркүйекте АҚШ-тың әскери қызметкерлері тікұшақ апатынан қаза тапқанын жазған болатынбыз

Ал қазан айында Оңтүстік Қытай теңізінде АҚШ-тың әскери тікұшағы мен жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Соңғы жаңалықтар