Дания Трамп әкімшілігін қоқан-лоққы көрсетуді доғаруға шақырды

АСТАНА.KAZINFORM - Дания премьер-министрі Трамп әкімшілігін Гренландияға қарсы «сес көрсетуін тоқтатуға» шақырды, деп хабарлайды 9News.

Дания призвала администрацию Трампа прекратить угрозы
Фото: Anadolu

- Бізге Гренландия қажет, - деді Дональд Трамп жексенбі күні The Atlantic басылымына берген сұхбатында.

АҚШ президенті және оның саяси одақтастары Гренландия АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды деп мәлімдейді, бірақ Венесуэла көшбасшысы Николас Мадуроның тұтқындалуынан кейін бұл мәселе ушығып кетті.

Ақ үйдің аға кеңесшісі Стивен Миллердің әйелі Кэти Миллер Х әлеуметтік желісінде Америка туы түстес Гренландия картасын жариялады. Астына «Таяуда» деген жазба қалдырған.

Оған жауап ретінде Дания премьер-министрі Метте Фредериксен өзінің ресми веб-сайтында мәлімдеме жариялады.

- Мен мұны тікелей АҚШ-қа қаратып айтуым керек. АҚШ Гренландияны басып алуы керек деп айтудың ешқандай мәні жоқ. АҚШ-тың Достастық елдерінің ешқайсысын аннексиялауға құқығы жоқ, - деді Метте Фредериксен.

Ол Дания мен Гренландияның НАТО мүшелері ретінде одақпен қорғалатынын және АҚШ тарапынан жасалған қорғаныс келісімі елге «Гренландияға кең қолжетімділік» беретінін атап өтті.

Премьер-министр сонымен қатар Данияның Арктика қауіпсіздігіне айтарлықтай инвестиция салғанын мәлімдеді.

- Сондықтан мен АҚШ-ты тарихи жақын одақтасына, сондай-ақ сатылмайтынын анық айтқан басқа елге және басқа халыққа қауіп төндіруді тоқтатуға шақырамын, - деді Метте Фредериксен.

Данияның АҚШ-тағы елшісі де X-те жауап жариялады.

- Біз жақын одақтастармыз және бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруымыз керек. АҚШ-тың қауіпсіздігі Гренландия мен Данияның қауіпсіздігімен бірдей. Гренландия қазірдің өзінде НАТО-ның құрамына кіреді, - деп жазды Йеспер Мёллер Сёренсен.

Гренландияда мұнай, газ және сирек кездесетін жер элементтері сияқты табиғи ресурстарға бай. Дания автономиялық аумақтың сыртқы саясаты мен қорғанысына жауапты.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Венесуэланың уақытша басшысы Делси Родригеске қатаң ескерту жасағаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар