21:26, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Данияр Елеусіновтың 1/16 финалдағы қарсыласы анықталды
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 64 келі салмақ санатында жарыс жолына шығатын боксшымыз Данияр Елеусіновтің 1/16 финалдағы қарсыласы белгілі болды.

Ол испандық былғары қолғап шебері Джонатан Алонсо Флетені 16:12 есебімен жеңген ирандық Мехди Толоутибандпен жұдырық түйістіреді.
Айта кетейік, 1/32 финалда Д.Елеусінов американдық қарсыласын 19:9 есебімен ойсырата ұтқан болатын.
Данияр Елеусінов 21 жастағы астаналық спортшы. Халықаралық санаттағы спорт шебері. Ол Қазақстан чемпионы (2010-2011 жылдары), Азия ойындарының чемпионы (2010 жылы). Данияр жолдаманы жақында елордада өткен Азиялық іріктеу турнирінде қанжығасына байлады.