«Данышпандар кеңесі» мүшелері 18 қыркүйек күні Астанада Н.Назарбаевпен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Данышпандар кеңесі», құрамында бұрынғы үкімет басшылары, Нобель сыйлығының иегерлері және бұрынғы халықаралық саясат пен дипломатия қайраткерлері 18 қыркүйек күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Бұл туралы Sputnik агенттігіне Франциядағы «Саяси және халықаралық қатынастар орталығының» басшысы Фабьен Боссар хабарлады.
None
None

Агенттікке белгілі болғандай, делегация мүшелері арасында МАГАТЭ экс-директоры Мұхаммед әл-Барадей мен Испанияның бұрынғы премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро бар, деп жазады РИА Новости .

«Құрамында Нобель сыйлығынының лауреаттары мен бұрынғы саясаткерлер бар «Данышпандар кеңесінің» мүшелері 18 қыркүйек күні Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Ал бір күн бұрын Қазақстанның ресми өкілдерімен кездесу өтеді», - деді Боссар.

Оның айтуынша, кеңес мүшелері ядролық қаруды таратпау туралы жүргізілген жұмыстардағы Қазақстанның роліне жоғары баға беріп, Украина мен Сириядағы шиеленіскен мәселелерді шешуге ат салысқаны, сондай-ақ «Астана-2» конференциясын өткізуге күш салғандығы үшін алғыс білдірмек.

Соңғы жаңалықтар