Дәрігерлер қауымы Елбасының кезекті Жолдауын зор ықыласпен тыңдауда - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері бүгін мекемедегі акт залына жиналып,

Дәрігерлер қауымы Елбасының кезекті Жолдауын зор ықыласпен тыңдауда -   Қызылорда облысы

осында Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын бір кісідей тыңдауда. Ақ халатты абзал жандар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлағатты сөздерін көгілдір экраннан тамашалап отыр.

Облыс дәрігерлері Мемлекет басшысының соңғы жылдары елімізде орташа айлық жалақының - 5,5 есеге, зейнетақының 4 есеге артқанын парламентшілермен бірге зор қанағаттанғандық сезіммен қарсы алды. Сол сияқты елді Индустрияландыру картасына байланысты жүзеге асырылған жобалар да бір селпілтіп тастады.