Дәрігерлер көмір шахтасында жарақат алған кеншілердің қал-жағдайы туралы айтты

ШАХТИНСК. ҚазАқпарат - Ленин атындағы шахтадағы апат салдарынан кеншілер уланып, түрлі жарақат алды. Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер көмір шахтасында жарақат алған кеншілердің қал-жағдайы туралы айтты

Ленин атындағы шахтада болған апаттан кейін Шахтинск қаласының орталық ауруханасына 4 зардап шеккен кенші жеткізілді. Алдын ала диагноз – метанмен улану.

«Зардап шеккендердің екеуі Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөлімшесіне ауыстырылды. Уланудан басқа әртүрлі дәрежедегі жарақат алған тағы екі адам Шахтинск қаласында. Консилиум өткізу үшін санавиациямен құрамында 2 нейрохирург және 2 реаниматолог бар Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана мамандарынан құралған бригада келіп жетті», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде шахтада. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында 4 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.