Шахтада 4 адамның көз жұму фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында орналасқан Ленин атындағы шахтада 4 кеншінің қаза табу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ленин атындағы шахтада болған ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Оқиға орнында Қарағанды облысы полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 3-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада апат болып, 4 кенші қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар