«Дарын» жастар сыйлығы енді 35 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: qazaqstan.tv

«Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдр мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ инновациялық бағытта қызмет атқаратын және тұтастай қоғамның дамуына ықпал ететін 35 жастан аспаған ҚР азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады», - делінген министр қол қойған бұйрықта.

Айта кетейік, бұған дейін «Дарын» сыйлығы 29 жастан аспаған қазақстандықтарға тағайындалатын.

Сыйлықты әр номинация бойынша ең көп дегенде тек 2 үміткерге беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ақшалай сыйақы олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты бұрын алған азамат қайта өтініш бере алмайды.

Еске салайық, былтыр 8 желтоқсанда Сенат 35 жасқа дейінгілерді «жастар» санатына енгізу туралы заң жобасын мақұлдаған еді.


Соңғы жаңалықтар