Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дастан Сәтпаев Англия чемпионатында алғашқы матчын қашан өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Англияның «Бернли» клубы сапындағы алғашқы матчын қашан өткізуі мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Дастан Сатпаев
Фото: «Спорт Шредингера» Telegram-арнасы

18 жастағы шабуылшы жаңа клуб сапындағы дебютін 23 тамызда Чемпионшиптің (Англияның екінші дивизионы) екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы матчта жасауы мүмкін.

Англия чемпионатының алғашқы турында «Бернли» 16 тамызда өз алаңында «Вест Хэммен» 2:2 есебімен тең түсті. Алайда Дастан Сәтпаев бұл кездесу тізіміне енген жоқ.

Еске салайық, қазақстандық футболшының трансферлік құқығы «Челсиге» тиесілі. Алайда лондондық клуб оған тұрақты ойын тәжірибесін беру мақсатында бір маусымға жалға жіберу туралы шешім қабылдады.

«Бернли» өткен маусымда Англия Премьер-лигасында өнер көрсеткенімен, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қала алмады.

Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаев Англияның көне клубтарының бірі – «Бернли» ойыншысы атанғанын жаздық.