Дастан Сәтпаев «Қайраттың» қорытынды оқу-жаттығу жиынына қатыспайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Дастан Сәтпаев алматылық команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды.
— Медициналық көрсеткіштерге байланысты «Қайрат» шабуылшысы емін Қатарда жалғастырады, содан кейін Алматыда командаға қосылады, — деп хабарлады клубтан.
Команданың жас жұлдызы жарақатына байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріндегі оқу-жаттығу жиынына және УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі «Брюгге», «Арсенал» командаларына қарсы ойындарға да қатыспады.
Бұған дейін «Қайрат» футбол клубы 2026 жылғы маусым алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 20 ақпанға дейін Белек қаласында өтетінін хабарлады. Оған 17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаев та шақырылған еді.
Еске салайық, британдық The Guardian газеті әлемдік футболдағы ең үздік 60 жас талантты атап, оған.«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев қосқан еді.
Биыл кәмелет жасына толған соң, Сәтпаев ресми түрде «Челси» командасына қосылады.