Дәулет Төлемісов IBA аясындағы әлем чемпионатында жарысты жалғастырады

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел құрамасынан Дәулет Төлемісов (86 келі) алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Дәулет Төлемісов
Фото: Видеодан алынған скрин

Отандасымыз бұл жолы бразилиялық Сюза Рамон Ботагелломен шаршы алаңға шықты. Ол қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал 4 желтоқсанда лғашқы жекпе-жегінде отандасымыз Нурмагамед Юсупов (92 келі) тәжікстандық Навруз Джафоевті бірінші раундта нокаутқа жіберіп, жарыстың келесі сатысына шықты. 

Сондай-ақ алдағы күндерде ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Даниял Сәбит (51 келі), Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. 

Соңғы жаңалықтар