Давид Дегтярев екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды

ПАРИЖ. KAZINFORM –  Давид Дегтярев XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы атанды.

Давид Дегтярев екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды
Фото: Паралимпиада комитеті

XVII жазғы Паралимпия ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды.

Жерлесіміз 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Күміс медальді 185 кг көтерген Куба өкілі Рамирез Барриентос Пабло жеңіп алса, қола жүлдені 179 кг нәтижесімен Қытай спортшысы Ян Джинлан иеленді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасынан пара спортшы Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар