Делиде Қазақстан мен Үндістан арасындағы әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дели қаласында ҚР Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсенбаевтың Үндістан Сыртқы істер министрлігі Еуразия департаментінің директоры Аджай Бисариямен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында ҚР Елшісі Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы Жол» Жолдауының мәтінін тапсырды және үнді дипломатына Жолдаудың негізгі ережелерін таныстырды.

Қазақтан дипмиссиясының басшысы Жолдаудың басты міндеттерінің бірі ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаны орындау болып табылатындығын атап өтті.

Сондай-ақ, Б.Сәренбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы бойынша соңғы жылдардағы Қазақстанның жеткен жетістіктері туралы ақпараттандырды.

Жүздесу барысында саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық серіктестіктің белсенділігін артыру, экономикалық серіктестіктің келісім-құқықтық жолдарын қалыптастыру, сондай-ақ мәдени байланыстарды дамыту мақсатындағы мәселелер аталып өтті.

Соңғы жаңалықтар