19:22, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Делиде Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі екіжақты техникалық келіссөздер аяқталды
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат – Делиде Үндістанмен Қазақстанның ДСҰ-ға кіру ауқымындағы қазақстандық нарықтың тауарлары мен қызметтеріне қол жеткізу мәселесі бойынша екіжақты техникалық келіссөздер аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстандық делегацияны басқарған ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанованың айтуынша, техникалық келіссөздер өзара тиімді жағдайда аяқталды. Тараптар сондай-ақ үндістандық тауарларда географиялық көрсеткіштерді қорғау жөніндегі келісімге және саудада техникалық кедергілер бойынша өзара түсіністік және санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдау туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылады. Бұдан басқа сапар барысында ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан өкілі Үндістанның сауда және өнеркәсіп министрлігінде Мемлекеттік министр Джайрам Рамешпен, министрдің бірінші орынбасары Г.К.Пиллаймен және министрдің орынбасары Р.Кулярмен кездесулер өткізді.Екі жақты келісіссөздердің аяқталғаны туралы хаттамаға қол қоюды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға сапары барысында жүзеге асыру жоспарлануда.