20:39, 24 Қаңтар 2009 | GMT +5
Делидегі бизнес-форумның қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды
ДЕЛИ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Делиде Қазақстан мен Үндістанның іскер топтарының арасында өткен бизнес-форумның қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атап айтқанда, «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы мен Үнді өнеркәсібінің конфедерациясы қазақстан-үнді іскерлік ынтымақтастығын дамыту жөніндегі келісімге қол қойды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға сапарының аясында өтіп отырған бүгінгі бизнес-форумға қазақстандық тараптан 100-ден астам адам: Сауда-өнеркәсіптік палатасының мүшелері, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының еншілес ұйымдарының, «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының, түрлі компаниялар мен ұйымдардың басшылары қатысты. Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Ерлан Қожасбай журналистерге берген сұхбатында айтқанындай, биыл Алматыда екіжақты байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беретін үш шара ұйымдастырылады: наурыз айында Сауда-өнеркәсіптік палатасы Үндістанның инженерлік өнімдерін сатушылар мен сатып алушылардың кездесуі, мамыр айында ? Үндістанның ұлттық көрмесі, маусым айында туристік форум өтеді.