Демалыс күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК 23-25 қыркүйек аралығында күн райы қандай болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ауа райы
Фото: ашық дереккөзден

Алдағы күндері батыс пен оңтүстікте, Ақтөбе облысында және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Аталған кезеңнің басында солтүстік өңірлерде және Қарағанды облысында жаңбыр жауады.

Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында, сондай-ақ жаңбыр күтіледі. Кей уақытта қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Түнде таулы аймақтарда оның соңы қарға ұласуы мүмкін.

Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндізгі сағаттарда ҚР батысында ауа температурасы 25-30 жылыға дейін, солтүстік, оңтүстік өңірлерде және орталықта ауа бағамы 18-23 жылыға дейін көтеріледі. Ал республиканың шығысында температура 7-13 жылыға дейін төмендейді.

ҚПЛ: «Каспий» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Каспий» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті