Демалыста шығыста күн жылып, солтүстікте аяз сақталады

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы күндері ел аумағындағы ауа райы Атлантика аймақтарынан жылжып келе жатқан циклон мен белсенді атмосфералық фронттардың ықпалында қалыптасады. 

погода, снег, ауа райы, дождь, потепление, қар, жанбыр, гололед, снег расстаял
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Оның әсерінен қар жауып, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болып, боран соғып және жел күшейеді.

Циклон ел аумағы арқылы ілгерілеген сайын, территорияның едәуір бөлігіне жылырақ ауа массаларының енуі басталады, соның нәтижесінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: түнгі уақытта орталық және шығыс өңірлерде -5…-18°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста -2…-7°С-қа дейін, таулы аудандарда -7…-15°С-қа дейін көтеріледі.

Солтүстік облыстарда түнгі ауа температурасы -20…-35°С шамасында болып, аязды ауа райы сақталады.

Сонымен қатар, құрамында суық арктикалық ауа шоғырланған антициклон жотасы елдің батыс өңірлеріне таралып, түнгі уақытта ауа температурасының -15…-30°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста -20…-35°С-қа дейін төмендеуіне себеп болады.

Айта кетелік Өскеменде екі күн бойы ауаға тараған зиянды заттардың мөлшері шекті деңгейден асқан еді

Соңғы жаңалықтар