Өскеменде екі күн бойы ауаға тараған зиянды заттардың мөлшері шекті деңгейден асты

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында ауа сапасын бақылауға жаңа жылжымалы зертхана тартылды.

Өскеменде ауа сапасын бақылайтын мобильді зертхана іске қосылады
Фото: Өскемен тұрғындарынан

Бүгін кешке дейін облыс орталығында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады. Яғни, бұл уақытта зиянды заттар ауада таралмай, атмосфераның жерге жақын қабатында шоғырланады.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, 23 қаңтарда ауаға тараған кей зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткені анықталған. Атап айтқанда, күкірт диоксиді – 2,899 есеге, күкіртсутек – 2,575 есеге артқан. 

- Ал 22 қаңтарда үш зат бойынша шекті деңгейден асу фактісі тіркелген болатын: күкірт диоксиді – 4,139 есе, күкіртсутек – 3,325 есе, көміртек оксиді – 2,258 есе. Ауа сапасын бақылау үшін жылжымалы зертхана да тартылды. Өлшеу жұмыстары санитарлық-қорғау аймағында және жеке тұрғын үй секторында негізгі ластаушы заттар бойынша жоғары дәлдіктегі электрохимиялық талдау әдісімен жүргізілді, - деп хабарлады ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, осыған дейін еліміздің қай қалаларында ауа сапасының нашарлайтыны белгілі болғаны жайлы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар