Демеу Жадыраев — Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

жадраев
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалында белдескен Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакадан жеңілді.

демеу жадыраев
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласына 5:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. 

күрес
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Ал Нао Кусака Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

күрес
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Айта кетейік, ол алғашқы жекпе-жегінде эквадорлық Джейр Куеромен белдесті.

Аса тартысты өткен жарыста Демеу Жадыраев 8:0 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовтан 3:1 есебімен басым түсті.

Ал жартылай финалда әзербайжан жігіті Санан Сулеймановты 6:1 есебімен жеңді.

Демеу Жадыраев биыл 34 жаста.

күрес
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Бұл оның соңғы Олимпиадасы болуы әбден мүмкін.

Қазақстандық спортшы 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған, сонымен қатар Азия чемпионатында бірнеше мәрте жүлдегер атанған.

жадыраев
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram