Денис Евсеев жұптық сында Пәкістандағы жарыстың жеңімпазы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жұптық сында Исламабад (Пәкістан) челленджер турнирінде үздік шықты.

Денис Евсеев успешно стартовал на турнире в Португалии
Фото: ktf.kz

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші чехиялық Доминик Паланмен бірге финалда пәкістандықтар Айсам-уль-Хак Куреши – Музаммил Муртазамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық-чехиялық дуэт сәтті ойнады – 7:6 (7:3).
Екінші сетте 6:4 есебі тіркелді.

Бір сағат 20 минутқа созылған бәсекеде Евсеев – Палан 4 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Пәкістандық жұп 4 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Әлемнің 404-ракеткасы Денис Евсеев жекелей сында жартылай финалда рейтингіде 473-орындағы түркиялық Мерт Алкаяға жол берді – 7:6 (9:7), 1:6, 3:6. Бұл ойын 1 сағат 45 минутта аяқталды.

Тағы бір қазақстандық, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің финалынан тыс қалды. Ол жартылай финалда әлемнің 585-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, франциялық Томас Фурелге есе жіберді – 3:6, 1:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әмір Омархановтың Тунистегі турнирде қарсыласын ойсырата ұтып, жартылай финалға өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар