Денис Мамонов «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

АТЫРАУ. KAZINFORM — «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы Денис Мамонов қызметінен кетті. Ол қызметке мамырдың соңғы онкүндігінде кіріскен еді. 

Денис Мамонов «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті
Фото: «Атырау» футбол клубы

«Атырау» футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбектің дерегіне сүйенсек, енді бас жаттықтырушының міндетін атқару Нұрғазы Хайруллинге жүктелген. 

— Өзара келісімге сәйкес команданың бас жаттықтырушысы Денис Мамонов, бас жаттықтырушының ассистенті Руслан Жәңгіров пен дене шынықтыру жөніндегі жаттықтырушы Сергей Клинков қызметінен кетті. Олардың жұмысына ризашылық білдіремін. Команданы басқа адамдар жинады. Енді алдағы күндері жаңа бас жаттықтырушыны таныстырамыз, - деп хабарлады Дидар Сыдықбек. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Денис Мамонов «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері болғанын хабарлаған едік
Сондай-ақ, «Атырау» футбол клубы 4 легионермен арадағы келісімшартты тоқтатқан болатын
Футбол клубы тағы 2 легионермен, кейін ресейлік қақпашымен келісімшартты бұзғанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар