Денсаулық сақтау министрі Қызылорда облысында болды
ТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық топтың жетекшісі ретінде Қызылорда облысында болды.
Сапар барысында Министр №6 қалалық емханада, облыстық балалар ауруханасында, Қызылорда медициналық колледжінде, облыстық медициналық орталықта болып, медицина қызметкерлеріне және емделушілерге Жолдаудан туындайтын міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы әңгімелеп берді.
«Еліміз Тәуелсіздіктің 20 жылдығына экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда елеулі жетістіктерге жетіп, алдағы онжылдыққа ел дауының негізгі бағыттарын айқындады. Республикада білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамытуға қатысты үш аса маңызды мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Олардың барлығы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға, жалпы елдің әл-ауқатын нығайтуға бағытталған. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы көлемі 30 пайызға, ал 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көтерілді. Сондай-ақ Денсаулық сақтау ведомствосы басшысының айтуныша, Мемлекет басшысы Жолдауда атап көрсеткендей, «тәуелсіздік жылдары біз жаңа мемлекет, жаңа қоғам құрып, ғаламданған әлемде өмір сүріп, жұмыс істей алатын қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиеледік»,-деді министр.
Жолдау аясында денсаулық сақтау саласы үшін бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізуді аяқтау, скринингтік бағдарламалар аясын кеңейту, әлеуметтік бағдарланған бастапқы медициналық-санитарлық көмек үлгісін құру, алыс елді мекен тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін ұтқыр медицина, санитарлық авиацияны дамыту сияқты бірқатар басым бағыттар анықталды.