Депозитке 5% салық салына ма: министрлік түсінік берді

АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың банктегі депозиттерінен түсетін сыйақыға 5% салық енгізіледі деген ақпарат тарады. Ұлттық экономика министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

ақша
Фото: pixabay.com

Министрліктің хабарлауынша, қолданыстағы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары бойынша төленетін сыйақыға жеке табыс салығы салынбайды.

Осылайша, қазақстандықтардың банктегі депозиттерінен алатын сыйақысына 5% салық енгізу туралы ақпарат — жалған.

— ҚР Үкіметі бұл норманын күшін жою және депозиттер бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін қарастырып жатқан жоқ, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін биыл Ұлттық банк депозит мөлшерлемелерін реттеу саясатын жетілдіретінін хабарлағанбыз.