Депутат А. Самақова БҰҰ ЮНФПА Орталық Азия бойынша суб-аймақтық директоры Н. Ботевпен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаты, Азиялық парламентшілер форумы төрағасының орынбасары Айткүл Самақова Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру саласындағы Қорының (ЮНФПА) Орталық Азия бойынша суб-аймақтық офисінің директоры Николай Ботевпен кездесті.Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Беделді ұйымның өкілімен жүздесуде «Қазақстан-2050» Стратегиялық жоспарының маңызы жайында айтылды. Сонымен қатар мейман халықты қоныстандыру мәселесінде қазақстандық тәжірибеге қызығушылық танытты. Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру саласындағы Қоры мен қазақстандық парламентшілердің жұмысына тоқталды.

Жүздесуде аталған Қордың алдағы жоспарымен танысып, Орта Азияға тұрақтанған халықтың әлеуметтік хал-жағдайы бойынша пікір алмасылды. Өз кезегінде Айткүл Самақова жастардың ұрпақ өрбіту денсаулығы мен басқа да әйелдерге қатысты мәселелер жайында әңгімеледі. Халыққа медициналық қызмет көрсету, халықтың өмір жасының ұзақтығы сияқты өзекті ойларды ортаға салды. Тараптар аталған мәселелерге байланысты ынтымақтастықты кеңейту қажеттігіне сенім білдірді. Кездесуге Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Шавхат Өтемісов пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру саласындағы Қорының Қазақстан бойынша атқарушы өкілі Райымбек Сейсемалиев қатысты.

Соңғы жаңалықтар