Дэвис кубогы: Қазақстан – Оңтүстік Корея матчында Александр Бублик жарақат алды
АСТАНА. KAZINFORM – Чхунчхон қаласында теннистен Дэвис кубогының плей-офф матчында Қазақстан мен Оңтүстік Корея матчы өтіп жатыр.
Жұма күні Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик пен дүниежүзілік рейтингіде 478-орында тұрған Квон Су Вон арасындағы бәсеке жаңбырға байланысты кейінге қалдырылды.
Оңтүстіккореялық спортшы 2021 жылы Astana Open АТР 250 жарысында үздік шыққан, сондықтан ол оңай шағылатын жаңғақ емес-ті.
Бірінші партияда тай-брейкте Квон Су Вон сәтті өнер көрсетті — 7:6 (8:6). Ол екінші сетте 3:0 есебімен алға кетті.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Бублик кездесудің басында жамбасынан жарақат алды. Ауруды басатын дәрі-дәрмекке, медицина қызметкерлерінің күш салғанына қарамастан, А.Бублик қалпына келе алмады. Сөйтіп ол матчты жалғастырудан бас тартуға мәжбүр болды.
Осылайша, бапкерлік штаб федерация басшылығымен бірге қалған бәсекелерде құрамға өзгерістер енгізді.
Әзірше Қазақстан — Оңтүстік Корея матчында есеп тең — 1:1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогында Оңтүстік Кореямен ойында Шевченконың Қазақстанды алға шығарғанын жазған едік.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Қытайдың турнирдің жартылай финалына жолдама алды.