DHL компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесінің серіктесі болуға ниетті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ және "DHL Trade Fairs & Events" компаниясы әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
None
None

"DHL Trade Fairs & Events" компаниясының вице-президенті Винчензо Скрудато "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басшысы Аxметжан Есімовпен кездесуі барысында DHL компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесінің серіктесі болуға ниетті екендігін мәлім етті.

"Біздің компания ЭКСПО-2017 тақырыбымен үндес келеді. Себебі біздің "жасыл" теxнологиялар мен жаңа инновациялар қолдануда берік ұстанымдарымыз бар. Біз ЭКСПО-2017 көрмесін қолдауға дайынбыз", - деді Винчензо Скрудато.

Өз кезегінде кездесу барысында А. Есімов ЭКСПО-2017 көрмесі аясында іске асырылып жатқан жобалар жайында, көрме кешенінің құрылысы мен көрменің басты мақсаттары туралы айтып берді.

"Әлемде осынау ірі және әлемдік деңгейде танымал компанияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға және оны қолдауға ниет білдіруі біз үшін маңызды. DHL компаниясы әлемде ауқымды филиалдар желісіне ие компаниялардың бірі, ол бізге барша әлем xалықтарын ЭКСПО руxына бөлеуге мүмкіндік береді. Демек, әлемдік ауқымдағы компанияның біздің жобаға атсалысуы біздің елде өткелі отырған шараның қандай деңгейде екендігін көрсетеді", - деп атап өтті А. Есімов.
null null null

Соңғы жаңалықтар