Диас Шоқанов Adobe® Systems Inc. компаниясының Қазақстан және Орталық Азия аймағындағы директоры болып тағайындалды

«Мен осындай болашағы зор нарықпен жұмыс жасауға қуаныштымын және Adobe технологиялары мен өнімдерінің барлық мүмкіндіктері осы нарықта кеңінен қолданылуы үшін серіктестеріммен бірге бүкіл күш-жігерімді саламын. Мен үшін бірінші кезектегі міндет - серіктестерімді Adobe-тың кешенді шешімдерінің кең мүмкіндіктерімен таныстырып, оқыту және ірі бизнеспен қатынасты құру», - дейді Тараз мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің және Ұлыбританиядағы Кент университетінің заң факультетінің түлегі Диас Шоқанов.
Ол 1993-2003 жылдары Қазақстанның қаржы секторындағы ұйымдарда заңгер, 2003-2006 жылдары Майкрософт компаниясында Қазақстан мен Орталық Азияда лицензиялы бағдарламалық қамсыздандыру нарығын дамыту, ал 2005 жылдан бастап аймақтағы шағын және орта бизнеспен жұмыс жасау бөлімінде жұмыс істеді. Сондай-ақ 2006 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде Ресейде лицензиялы бағдарламалық қамсыздандыру нарығын дамыту бағытында еңбек етті.