DIFC Courts «Астана» халықаралық қаржы орталығына консультация беретін болады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаны іске асыру ауқымында Қазақстан Ұлттық Банкі DIFC Courts (Дубай халықаралық қаржы орталығының коммерциялық соты және төрелігі) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қатысушыларының қызметіне қызмет көрсету үшін әлемдік деңгейдегі коммерциялық сот жүйесін құру жөніндегі бастаманы іске асыратын болады», - делінген хабарламада.
2015 жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы мәлімдеген болатын. Бұл ретте негізгі және тез дамып келе жатқан қаржы орталықтарының бірі - Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) үлгі болған еді. Консалтинг туралы келісімге сәйкес, DIFC Courts мамандандырылған коммерциялық сотты ұйымдастыру бойынша алдағы үш жылда Қазақстан әріптестерінің серіктестері болады. Келісім түрлі аспектілерді қамтиды. Олар: заңнамалық және реттеуші база бойынша консультациялар беру, кадрларды оқыту, сот үй-жайларын жарақтандыру және АТ-инфрақұрылымын қамтамасыз ету.
Келісімге DIFC Courts Бас судьясы Майкл Хван (Michael Hwang) және Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов қол қойды.
«Коммерциялық дауларды шешу кезіндегі тұрақты табыстардың, инновациялық тәсілдердің, сондай-ақ өз шешімдерін іске асыру кезіндегі табыстардың арқасында DIFC Courts бүгінгі күні өзін әлемдік деңгейдегі әйгілі заң құзыреттілігінің орталығы ретінде көрсетіп отыр. Бұл Қазақстан Ұлттық Банкінің бізді өз қарауын талап ететін ауқымды мәселелер тобы бойынша және халықаралық топтарда құрметке ие болатын коммерциялық сотты құру үшін қажетті қадамдарды жасайтын консультант ретінде таңдағанына да байланысты. Бұл келісім сондай-ақ БАӘ- да және халықаралық аренада жұмыс істейтін компанияларды қорғау және қолдау мақсатында басқа елдермен және сот жүйелерімен байланыстарды реттеу жөнінде DIFC Courts тарапынан жалғасып келе жатқан жұмыс аясында көрнекі болып табылады», деді бас судья Майкл Хван.
Өз кезегінде ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытуда бұл ынтымақтастықтың маңызды роль атқаратындығын атап өтті.
«Біз ең үздік халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта Еуразия орталығында әлемдік деңгейдегі қаржы орталығын құруға ниеттіміз. БАӘ-ға бірнеше рет барған кезде біз DIFC Courts сияқты органның осы еркін аймақтың табысында қандай маңызды рөл атқаратынын көрдік: біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын ілгерілете отырып, олардың тәжірибесін пайдаланудан игілікті нәтижелерді күтеміз» - деді Н. Құсайынов.