15:11, 06 Маусым 2022 | GMT +5
«Дикий» Арманды қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзарды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Дикий» Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзарды, деп хабарлады Қазақпарат тілшісі.

«3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты», - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 7 қаңтарда Алматы полицейлері «Дикий» Арман лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.Кейін Бас прокуратура «Дикий» Арманың Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлім етті.