Димаш Қырғызстанның халық әртісі атағы туралы: Бұл марапат – халықтар достығының нышаны

АСТАНА. KAZINFORM —  Белгілі әнші Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасының Халық әртісі атағын өзіне көрсетілген құрмет қана емес, қырғыз халқының қазақ халқына деген ілтипаты ретінде қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды  КАБАР

Димаш Құдайберген
Фото: KАБАР

Бұл туралы ол Ыстықкөл жағасында орналасқан Чолпон-Ата қаласында өтіп жатқан «Мейкин Азия» халықаралық музыкалық фестивалі аясындағы баспасөз мәслихатында айтты.

Димаш Құдайберген
Фото: KАБАР

— Ең алдымен, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа ризашылығымды білдіремін. Бұл марапатты мен қырғыз халқының қазақ халқына деген құрметі мен мойындауының белгісі ретінде қабылдаймын. Қырғызстанның қонақжайлылығына және өнер адамдарына деген ықыласына шын жүректен тәнтімін, — деді Димаш.

Димаш Құдайберген
Фото: KАБАР

Сондай-ақ ол фестивальді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта да қос бауырлас халықтың мәдени байланысын дамытуға үлес қоса беретінін жеткізді.

Димаш Құдайберген
Фото: KАБАР

Бұған дейін, «Мейкин Азия» фестивалі аясында, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қолдауымен Димаш Құдайбергенге Қырғыз Республикасының Халық әртісі атағы берілген.

Бұл марапат Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастық пен достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін табысталды. 

Соңғы жаңалықтар