Димаш Құдайберген «Тау ішінде» атты жаңа әніне челлендж жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — Осы әнге түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық беріледі, деп хабарлайды Dimashnews.

Шоу Димаша Stranger собрало аншлаг в Дюссельдорфе
Фото: dimashnews

15 мамыр күні сағат 20:00–де (Астана уақытымен) Димаш Құдайбергеннің YouTube желісінде «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтеді.

Премьераға орай челлендж жарияланды: осы трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық дайын.

Шарттары:

  • Видеоның ұзақтығы 30 секундқа дейін болуы керек.
  • TikTok немесе Instagram платформаларында жариялау.
  • Хэштег: #TauIshindeChallenge.

— Челлендж 2025 жылғы 8 мамыр мен 25 мамыр аралығында өтеді. Жүлде — жеңімпаз өз таңдауы бойынша Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне жолдама алады (Барселона, Берлин, Лондон немесе Рига). Ұшу және тұру шығындары толық қамтылады. Нәтижесі — 26 мамырда Алматы қаласында өтетін фан-кездесуде жарияланады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін TikTok желісінде Димаш Құдайбергеннің The Story of One Sky атты әнінің үзіндісі кең тарап, жастар арасында әзіл-қалжың тудырды. Артынша Димаш желідегі әзілге қатысты пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар