Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йоркте қошемет көрсетіп қарсы алды

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM – 1 қазан күні Нью-Йорктегі Кеннеди халықаралық әуежайы Қазақстан және Қырғызстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенді қарсы алды. Бұл туралы Dimashnews ақпараттық порталы хабарлады.

Димаш Құдайберген Madison Square Garden аренасында өтетін концертіне орай Нью-Йоркке барды
Фото: Видеодан алынған скрин

Сәнді ұлттық стильдегі киім киіп, қолдарына жалаушалар, бейдждер мен баннерлер ұстаған Димаштың жанкүйерлері сүйікті әртісін әуежайда үлкен ықыласпен қарсы алды.

Кездесуді тағатсыздана күткен Dears қауымы Димаштың әндерін қосыла шырқап, биылғы жаздың хиті «Тау ішінде» әнін хормен орындады. 

Әртіс жанкүйерлермен емен-жарқын тілдесіп, қолтаңба беріп, бірге естелік суреттерге түсіп, олармен бірге атақты «Besame Mucho» әнін шырқады.

Димаштың көптен күткен «Stranger» атты жеке концерті Нью-Йорктің аңызға айналған сахнасы — Madison Square Garden-де 5 қазан күні өтеді.

Айта кетелік Димаш алдағы жоспарымен таныстырған еді

Соңғы жаңалықтар