15:19, 09 Сәуір 2025 | GMT +5
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
АСТАНА. KAZINFORM – Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән ең көп тыңдалған 100 композицияның қатарына енді.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
– Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін франциялық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Мажарстандағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, - делінген жазбада.
Айта кетейік, өнер иесінің репертуарындағы «Love’s Not Over Yet» әні осыдан 1 ай бұрын ғана жарық көрген еді.
Естеріңізде болса, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Ақтауда ерекше жанмен кездескенін хабарлаған едік.