Димаштың тыңдармандары концерттен кейін стадиондағы қоқысты жинады

АСТАНА. KAZINFORM — 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрермендері мен қонақтары Димаш Құдайбергеннің «Астана Арена» стадионындағы концертінен кейін стадионды қоқыстан тазартты, деп хабарлайды елорда әкімдігі. 

концерт
Фото: Астана әкімдігі

Мұндай тазалық акциялары елордада тұратын әрі қаланың тазалығына бейжай қарамайтын тұрғындар үшін игі дәстүрге айналды.

а
Фото: Астана әкімдігі

Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таң қалды. 

Тазалық акциясына «Астана жастары» белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 және 14 қыркүйек күндері Астанада Димаш Құдайбергеннің ауқымды концерті өтіп жатыр. 80 елден 10 мыңнан астам тыңдарман келді. 

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар қатынайды. Арнайы автобуспен жүру үшін концерт билеті болуы қажет.

а
Фото: Астана әкімдігі

Айта кетейік, елордада «Таза Қазақстан. Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы өтіп жатыр.

Сонымен қатар, елордада жаңадан Taza Astana әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, кварталішілік және аула аумақтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған.

а
Фото: Астана әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар