Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Димаштың домбырамен көрсеткен өнері қытайлық көрерменді тәнті етті

АСТАНА.ҚазАқпарат - Хунан телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының жетінші кезеңі эфирден көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаштың домбырамен көрсеткен өнері қытайлық көрерменді тәнті етті

Жобаға қатысып жатқан Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бұл кезеңде бірінші болып өнер көрсетіп, Қазақ ұлттық музыка аспаптар өркестрінің сүйемелдеуімен «Дайдидау» әнін шырқады.

 

Айте кетерлігі, Димаштың қазақтың ұлттық музыка аспабы - домбырада көрсеткен өнері қытайлық көрермендерді тәнті етті.

 


 

Сондай-ақ, қазақстандық әнші алтыншы кезеңде «Adagio» әнін айтқанда пианинода ойнаған болатын.

Жетінші кезеңнің қорытындысы бойынша бас жүлдені Гонгок тумасы Sandy жеңіп алды. Жобаға жаңа ғана қосылған Қытайлық әнші Ли Циянь екінші орыннан көрінсе, Чжан Бичжэн жобадан шығып қалды.

Жобаның іріктеу бәсекесінің төрт айналымы (8 кезеңі) өз мәресіне жетті. Жобаға қатысушы бастапқы жеті әншіден тек үш адам қалды. Алда тек екі кезең бар.

Еске сала кетейік, сегізінші кезеңде Димаш тамағының ауыруына қарамай, Қытайша «Таң атты» әнін орындап шықты. Төртінші айналымның (жетінші және сегізінші кезең) қорытындысы бойынша Димаш жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.