Динара Щеглова ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі болды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды. Кazinform бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

динара щеглова
Фото: primeminister.kz

Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында туған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.

2004-2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі бөлімінде бас маман.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2011-2018 жылдары – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-да бас менеджер, департамент директоры, басқарушы директор, төраға кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары.

2018-2019 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019-2020 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Соңғы жаңалықтар