Дінаралық форум жұмысына әйелдер мен жастарды тартатын секция ашу керек
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ат-Түркидің айтуынша, діндер басшыларының басын қосатын съез жұмысына жастар мен әйелдерді де қатыстыру идеясының маңызы зор болып табылады. Дегенмен де, оның ойынша діни форумға қатысушылар құрамына әйелдерді де енгізу мәселесі бірқатар қиындықтар тудыруы мүмкін. «Сондықтан да, мен Съез хатшылығынан қосымша кеңес немесе комитет құруды сұрар едім. Бұл орган әйелдер қатысатын қауымдастықтар немесе ұйымдар мәселесімен айналысар еді. Бәлкім келесі съезде осы бағыттағы жеке секция құру жайын да қарастырған дұрыс шығар. Жалпы, әйелдер мен жастарды форумға қатыстырып, олардың өз мәселелерін орынды көтеруге жағдай жасауды қолдаймын», деді Мәжид Әбдуләзіз ат‑Түрки.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін форумға қатысушылар тарапынан оның жұмысын жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар келіп түскен болатын. Бұлардың ішінде қазіргі заманның өзекті проблемалары бойынша секциялық отырыстар санын көбейту, іс-шара жұмысына әйел адамдарды кеңінен жұмылдыру мәселелері де қамтылып отыр. Бұдан басқа, дінаралық төзімділікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеу, діндер арасында сындарлы диалог жүргізу тұжырымдамасын пысықтау сияқты бастамалар да көтерілуде.