Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дияр Аманәлі мен Әли Алмас U17 әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының финалына шықты.

Дияр Аманәлі мен Әли Алмас U17 әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды
Фото: UWW

48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас финалға жолдама алды. Жартылай финалда қазақстандық балуан Армения өкілі Арарат Аветисяннан 4:1 есебімен басым түсті. Енді шешуші белдесуде Ресей спортшысы Солтан Юсуповпен күш сынасады.

55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі алтын медаль үшін белдеседі. Жартылай финалда грек-рим күресінің шебері Болгария өкілі Данимир Йордановты 8:1 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы — Венгрия спортшысы Кеве Ковач болмақ.

Айта кетейік, финалдық белдесулер бүгін, 28 шілдеде өтеді.

Еске салайық, бұған дейін семсерлесуден әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы командалық сайысты жеңіспен бастағанын жазғанбыз.