Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дмитрий Бабенко: Мен Сочидiң мұзына бой үйрете алмадым

СОЧИ. ҚазАқпарат - Қазақстандық конькишi Дмитрий Бабенко Сочи XXII Қысқы Олимпиада ойындарындағы өзiнiң көрсеткен өнерiн баға берiп көрдi, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттiгiнiң тiлшiсi.

Дмитрий Бабенко: Мен Сочидiң мұзына бой үйрете алмадым

"Мен өз мансабымды осындай нәтижелермен аяқтағым келмейдi, бұл менiң шалалығым болар едi. Бiреуге жүлде алу ерте жастан келедi, бiреуге күттiрiп жетедi. Сочиде мен өз деңгейiмде өнер көрсеттiм деп айта алмаймын. Олимпиадаға дейiн Инцелде жаттығып жүргенiмде, барлығы тамаша болды, жанымда Петропавлдан келген спортшы достарым көмектесiп жүрдi. Жаттығулардан ләззат алып жүрдiм. Мында келгенде... Мұз басқа, сол бетi бой үйрете алмай кеттiм", - дейдi ол бүгiн Сочидегi қазақстандық делегаттардың үйiнде берген баспасөз мәслихатында.

"Менде Астанадағы дене қуатым мен мұз айдыным болса, мен он шақырымдық жарыста бестiкке енер ем. Кешегi немiс спортшысын мен Астанада талай рет шаң қаптырғам. Кешегi конькишiлермен күш сынасуға болады, дегенмен жүлдегерлермен таласу мүмкiн емес", - деп атап өттi Д. Бабенко.

Олимпиадада Бабенко үш қашықтықта бақ сынап көрген болатын. Қазақстандық спортшы 5000 метрлiк сайыста 15-орын, 1500 метрде - 30-орын, 10 мың метрде 12-орын иелендi.