Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дмитрий Баландин: Финалда жеңіске жету үшін барымды саламын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Олимпиада жүлдесіне қол жеткізу үшін бар күшін жұмсайтынын айтты, деп жазды sports.kz.

Дмитрий Баландин: Финалда жеңіске жету үшін барымды саламын

«Кешке жақсы нәтижеге қол жеткіздім, алайда бұдан да жақсы көрсеткішке қол жеткізгенімді қалаймын. Мұндай уақытта бастау қиын, сондықтан өзімнің жақсы көрсеткішімді көрсете алмай жүрмін. Шағын тапсырма орындалды: финалға жолдама алдым,  финалда кез келген жайт болуы мүмкін. Алайда жеңіске жетуге барымды саламын. Судан шыққаннан кейінгі әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес», - деді ол. 

Дмитрий Баландин 1995 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол - 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Кванджудағы жазғы Универсиада чемпионы. Брасс әдісі бойынша жүзудің шебері, Қазақстан рекордының иегері.