Дмитрий Медведев «Біріккен зымыран-ғарыш корпорациясы» ААҚ басшысын тағайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев № 370-р өкімге қол қойды, онда былай делінген: «Ресейғарыштың белгіленген тәртіппен Игорь Анатольевич Комаровты «Біріккен зымыран-ғарыш корпорациясы» ашық акционерлік қоғамының бас директоры қызметіне сайлау туралы ұсынысы қабылдансын».

Дмитрий Медведев «Біріккен зымыран-ғарыш корпорациясы» ААҚ басшысын тағайындады

Бұл туралы «Космонавтика жаңалықтары» сайты хабарлады.

Осы тағайындауға дейін Игорь Комаров Ресейғарыш басшысы Олег Остапенконың орынбасары, ал одан бұрын «АвтоВАЗ» бас директоры болды.

Сондай-ақ Ресей Үкіметі басшысының өкімімен «Біріккен зымыран-ғарыш корпорациясы» ААҚ-ны басқаруға мемлекеттің қатысуы бекітілді.

«Қабылданған шешім мемлекетке ««Біріккен зымыран-ғарыш корпорациясы» ААҚ-ны тиімді басқаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, оған отандық зымыран-ғарыш өнеркәсібі қызметін дамыту және тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында зымыран-ғарыш саласы кәсіпорындарының басым бөлігін біріктіру жоспарлануда», - атап өтілген РФ Үкіметінің сайтында орналастырылған құжатқа анықтамада.