Дінмұхамбет Сүлейменов «Тараз-Омега» футзал клубына бас бапкер болды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Дінмұхамбет Сүлейменов «Тараз-Омега» футзал клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Отандық маман 1981 жылы дүниеге келген. Кәсіби мансабында 20 жылдан астам уақыт бойы еліміздің түрлі клубтарында ойнады. Оның ішінде 10 жылға жуық алматылық «Қайрат» командасының намысын қорғады.
Дінмұхамбет Сүлейменов – Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ ол екі мәрте UEFA кубогының жеңімпазы атанған.
Танымал футзалшы Қазақстанның 9 дүркін чемпионы және үш мәрте күміс және қола медаль иегері болды.
2022 жылы ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметке келді. Бүгінге дейін ол ақтаулық «Каспий» клубына жетекшілік етті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Шыңғыс Есенаманов футзалдан Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтады.