Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дохада Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін,19 қазанда Доха қаласында (Катар) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев және Катар мемлекетінің экономика және сауда министрі Шейх Ахмед бин Джазим Аль Танидің төрағалығымен жоғары деңгейдегі 4-ші Үкіметаралық отырыс өткізілді.

Дохада Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қаралды

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы және Катар мемлекетінің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, азаматтық авиация, «Qatar Investment Authority»-дің «Kazakh Infrastructure Fund»-ке кіруі мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, Комиссия шеңберінде тараптар а.ж. 25-26 қазандағы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары барысында қол қоюға жоспарланып отырған Келісімдердің жобаларын талқылады.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев Катар мемлекетінің Сыртқы істер министрі Халед бен Мухаммед Аль-Аттыйямен келіссөздер жүргізді. Кездесу шеңберінде министрлер екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің бірқатар мәселелерін талқылады.