Дохада мұсылман көшбасшыларының жаһандық 3-ші конференциясы өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі жылғы қаңтардың 16-19-ы аралығында Дохада (Қатар) мұсылман көшбасшыларының жаһандық 3-ші конференциясы өтеді.
None
None
Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Е.Ашықбаевтың атап көрсеткеніндей, аталмыш шара штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан «Америка қауымы мұсылмандардың дамуын қолдайды» (ASMA) атты үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Конференцияның мақсаты қазіргі заман мәселелерін қарастыратын сындарлы сұхбатқа қолдау көрсету болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, мұсылман көшбасшыларының жаһандық алғашқы конференциясы америкалық мұсылмандардың қатысуымен 2004 жылы Нью?Йорк қаласында өткен еді. Ал, екінші мәслихат 2006 жылы Копенгаген қаласында ұйымдастырылды. Ол Данияда Мұхаммед Пайғамбарды келемеждеген суретке қатысты туған дау-дамайдан кейін солтүстік Америка мен Еуропаның батыс елдері мұсылмандарының қатысуымен өтті.
Соңғы жаңалықтар