Долбай орманшылығында шыққан өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

АСТАНА.KAZINFORM — 22 маусымда «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Долбай орманшылығы аумағында мемлекеттік орман қоры жеріне өту қаупі бар дала өрті тіркелді.

Долбай орманшылығында шыққан өртті сөндіруге тікұшақ тартылды
Фото: «Ақжайық» резерваты

Өрт туралы хабар түскен сәттен бастап оқиға орнына «Баянауыл» МҰТП және ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді.

— Жағдайды бақылау және өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында оқиға орнында бортында авиациялық өртке қарсы қызметі бар «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның ЕС-130 тікұшағы жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына ұлттық парк қызметкерлері мен өртке қарсы қызмет мамандары жұмылдырылған. Өрттің мемлекеттік орман қоры аумағына таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Айта кетелік бір аптада «Семей орманында» 15 өрт ошағы анықталып, дер кезінде жойылды