Доллар 518 теңге деңгейінде қалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,15 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 518,34 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519 теңге. Еуро 591 — 600 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 589 теңгеден сатып алынып, 596 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,16 - 6,33 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 23 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,07 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,37 теңге. Еуро — 595,21.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.