Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Доллар бағамы биржада бірден 9 теңге қымбаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындыланды.

доллар
Фото: gazeta.uz

13 шілдедегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 477,11 теңге болып, 8,94 теңге өсті.

Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық банкінің 13 шілдеге белгілеген ресми бағамы 464,71 теңге деңгейінде.

Астанада долларды орта есеппен 471,04 теңгеден сатып алып, 478,04 теңгеден сатып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы — 536,03 теңге, сату бағамы — 546,03 теңге, рубль 5,80-6,10 теңге аралығында.

Алматыда долларды 471,77 теңгеден сатып алып, 474,44 теңгеден сатып жатыр. Еуро бағамы 540,80-546,22 теңге, рубль 5,80-5,96 теңге аралығында.

Шымкентте долларды орта есеппен 473,64 теңгеден сатып алып, 475,88 теңгеден сатып жатыр. Еуро 540,09-546,36 теңге, ал рубль 5,81-5,88 теңге аралығында.

Еске салайық, бұған дейін доллар бағамы сауда-саттықта шамамен 3 теңгеге төмендегенін жазғанбыз.