Доллар бағамы биржада сәл арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

валюта курси
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,32 теңгеге түсіп, 471,77 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 471,93 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 467,79 теңгеден сатып алынады, 474,79 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 544,00 теңге, сату — 554,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,40 теңге, сату — 6,70 теңге.
— юань: сатып алу — 67,70 теңге, сату — 73,09 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 471,15 теңгеден сатып алынады, 473,29 теңгеден сатылады. Еуро 547,11 — 551,98 теңге, ал рубль 6,44 — 6,59 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,91 теңгеден сатып алынады, 70,48 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 19 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,24 теңгеге өсіп, 471,93 теңге болды.