Қор нарығында доллар бағамы 4 теңгеге өсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,24 теңгеге өсіп, 471,93 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 467,58 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 467,00 теңгеден сатып алынады, 474,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 544,00 теңге, сату — 554,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,30 теңге, сату — 6,60 теңге.
— юань: сатып алу — 67,45 теңге, сату — 73,09 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 470,55 теңгеден сатып алынады, 472,68 теңгеден сатылады. Еуро 546,70 — 551,91 теңге, ал рубль 6,36 — 6,50 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,26 теңгеден сатып алынады, 70,78 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 18 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,34 теңгеге түсіп, 467,58 теңге болды.