Доллар бірнеше күн қатарынан 509 теңге бағамында тұр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,07 теңгеге арзандап, 509,75 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 509,84 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 510,43 теңгеден сатып алынады, 512,40 теңгеден сатылады. Еуро 593,67 – 598,13 теңге, ал рубль 6,37 – 6,49 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,61 теңгеден сатып алынады, 76,86 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 508,00 теңгеден сатып алынады, 515,00 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу - 592,00 теңге, сату - 602,00 теңге;
– рубль: сатып алу - 6,34 теңге, сату - 6,65 теңге.
– юань: сатып алу - 73,64 теңге, сату - 77,65 теңге.
Еске салайық, 12 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,24 теңгеге арзандап, 509,84 теңге болды.